14.03.2019, 9:43
Қараулар: 614
«РИЗАШЫЛЫҚ – МЕЙІРІМ БҰЛАҒЫ»

«РИЗАШЫЛЫҚ – МЕЙІРІМ БҰЛАҒЫ»

Аудандық демалыс орталығында дәл осы тақырыпта кездесу өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен ауыл ақсақалдары, бірқатар сала басшылары қатысты.

Кездесуде жастар ресурстық орталығының жетекшісі Исатай Құрмашев жиылған қауымды мерекемен құттықтап, еңбек ардагері Ескендір Есімовке аудан жастары атынан алғысын білдіріп, арнайы дайындаған грамотасын тапсырды. Ауыл тұрғыны «Луч добра» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Татьяна Березина ұлты басқа болса да бала кезінен қазақи ортада өскен. Шара барысында Татьянамыз: «Татулықтың, адалдықтың қандай болатынын көрдім. Қиналған шақта демеп, қуанышымды бірге бөліскен, бауырмалдылықтың үлгісін танытқан жерлестеріме, барша қазақ еліне алғысымды білдіремін» деп сөз алды.

Сонымен қатар кездесуде «Орда гүлдері» би ансамблінің балғын бишілері бұрала би билеп, Милат Насыров, Ринат Машутов сияқты мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерімен халықты баурап алды. Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тек атаулы күні емес, әр күнімізге шүкіршілік етіп, жанымыздағы жолдастарымызға алғыс айтып жүрейік деп сөзін қорытындылады.