14.03.2019, 9:37
Қараулар: 500
ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында және түрлі төтенше жағдайда жасалатын алғашқы іс-қимыл жоспарлары талқыланып, мекемелердің құрал-саймандары мен техникалық даярлықтары тексерілді.

Сала басшылары аудан әкімі Нұрлан Рахымжановқа төтенше жағдайда атқаратын қызметтері мен құрал-саймандарының іске жарамдылығын мәлімдеп, қандай жағдайға болмасын сақадай сай екендіктерін жеткізді.

Төтен жағдайға сақадай дайындықты пысықтауда аудандық колледж жатаханасында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Өрт шыққан кезде оқушыларды жатақханадан шығару мен түтінге улану қаупі төнген жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері таныстырылып, өрт сөндіру бөлімі мен медицина саласының қызметкерлері практикалық тұрғыда жасалатын алғашқы көмек көрсету шараларын орындады.

Әділет ӘБДІРОВ.