28.02.2019, 11:30
Қараулар: 1300
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

 

міндеті мен қызметі

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне, iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының 12-қадамын орындау мақсатында 2015 жылы Әдеп кодексі қабылданып, әдеп жөніндегі уәкіл  қызметі енгізілді. Арнайы ереже бекітіліп, уәкілдің негізгі міндеттері айқындалды.

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыруда 2019 жылға жоспар жасалып, аудан әкімімен бекітілді.

Негізгі мін­деттерімнің бірі – мемқызметшілерге консультациялық көмек көрсету. Мәселен, мемқыз­метшілер әртүрлі себепке байланысты мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес салаларындағы өзгерістерді толық меңгере бермеуі мүмкін (негізгі жұмыс ауқымдығы, жұмыс өтілі аздығы, құқықтық білімі болмауы себепті).  Сондықтан, олар жұмыс барысында шешім қабылдауда не өз құқығын қорғауда кібіртіктеп қалады. Осындай кезде уәкілдің міндеті – мемқызметтегі, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларындағы өзгерістерді, Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру. Аудан әкімдігі сайтында аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қабылдау кестесі жарияланған, әр сейсенбіде азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асса, әр айдың бірінші сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында қабылдау өткізіліп тұрады, күніне 8 сағат бойы есік ашық, кез келген мемқызметші өзін толғандырып жүрген сауал бойынша консультация алуына болады. Консультациялық көмек заңды және жеке тұлғаларға да беріледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің тағы бір функциясы – ҚР-ының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемқызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп, мониторинг және бақылау жүргізу.

Түсіндірме жұмыстары мемқызметшілерге лекциялар оқу, семинар-кеңестер өткізу арқылы, мониторинг бұқа­ралық ақпарат құралдарында  жарық көрген материалдарды зерделеу арқылы жүзеге асады.  Бақылау мемқызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына да жүргізіледі. Мемқызметшілер әлеу­меттік медиаларды пайдалануда мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстандағы сан түрлі ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, балағат лексикасын қолданбау және мемқызметке сын келтіретін видео, фотоматериалдар жарияламау сынды талаптарды ескеруге міндетті. Бұл талаптар орындалмаса, қызметші тәртіптік жазаға тартылады.

Мемқызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау да, мемқызметшілердің құқығын қорғау да уәкілдің міндетіне жатады. Уәкіл бұндай жағдайларда даулы тараптарды қатыстырып, келіссөз жүргізіп, екі жақты татуластырады. Екі жақ келісімге келмесе, қызметтік тексеру жүргізіледі. Мемқызметші өз құқығын қорғау үшін мемлекеттік қызмет жөніндегі өкілетті органға не сотқа жүгінеді. Бұл ұзақ уақыт алады. Ал, бір деңгейдегі екі мемқызметші, басшы мен қызметкер арасындағы дауларда уәкіл келіссөз жүргізу арқылы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың                        жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында мемқызметшілер арасында жарты жылда бір анонимді сауалнама жүргізіледі. Нәтижесінде көзге көрінбейтін кейбір күрделі мәселеге, ұжымдағы мемқызметшілер арақатынасына, басшы мен қызметші қарым-қатынасына, қызметші құқығы­ның бұзылуына талдау жасалады.

Өткен жылдары ауданда мемқызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ. Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес мемқызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бағытында  іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Ержан АЙТҚАЛИЕВ,

аудан әкімі аппаратының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкілі