28.02.2019, 11:25
Қараулар: 877
КӨШЕЛІ ІС ТЫНДЫРДЫ

КӨШЕЛІ ІС ТЫНДЫРДЫ

 

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлер және шаруа қожалық жетекшілері мен сала басшылары бас қосып, кеңес өткізді.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов кеңеске төрағалық етіп, өзі жүргізіп отырды. Өңірімізге белгілі кәсіпкер Рустам Өтеев өткен жылы өткен «Парыз – 2018» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін байқау комиссиясының алғысхатымен марапатталды. Рустам Өтеевтің марапатын аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов табыстады. Жиында кәсіпкерлік саласына қатысты бөлім басшылары мен мамандары сөз алып, хабарлама жасады.

Кез келген ел экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту, ел экономикасын көтеруде маңызды орынға ие.

Кеңесте «Нарын-Несие»НС» ЖШС төрағасы Талап Бисенбаев шаруасын бастап, малын асылдандырамын деген қожалық жетекшілеріне қолдау барына тоқталып, несие аламын деушілерге құжаттары дұрыс, толық болса, еш кедергісіз жұмыстарын жүргізе берулеріне болатынын айтты. Ал, «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС-інің аймақтық менеджері Дастан Садықов өз компаниялары арқылы соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникаларын несиеге алып, игілігін 5-10 жыл еш алаңсыз көруге болатынын жеткізді.

Кеңес соңында келген жеке кәсіпкерлер мен мал шаруашылығынан нәпақасын айырып жүргендер көкейдегі сауалдарына жауап алып тарқады.

Әділет ӘБДІРОВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар