28.02.2019, 11:04
Қараулар: 915
АСПАНҒА ҰМТЫЛҒАНДАР БИІКТЕН КӨРІНСІН!

АСПАНҒА ҰМТЫЛҒАНДАР БИІКТЕН КӨРІНСІН!

 

Аудандық балалар техникалық шығармашылық орталығында «Ғарыш әлемін ашамыз» атты аудандық ғарыш көрме-байқауы өтті. Оған Б.Жәнекешев, М-С.Бабажанов, М.Мәметова атындағы орта мектептері мен шығармашылық орталықтың шәкірттері қатысты. Байқау «Зымыранды техника, инфрақұрылым және экология», «Ғарыштық аппараттық және модельдеу», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар», «Ғарыштық биология және медицина», «Астрофизика және дүние жүзінің эволюциясы» атты бес секция бойынша өткізілді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, оларды өндіріске енгізген жағдайда қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Шарада жеңімпаздар анықталып, жүлдегер болып танылған ұйымдастырушы орталық тәрбиеленушілері облысқа жолдама алды. Тарқатып айтсақ, облыстық байқауда «Зымырандық техника, инфрақұрылым және экология» секциясында Дастан Сатуов (жетекшісі Ә.Махимов) «Спутник, робот, фаэтон» жұмысын, «Ғарыштық аппараттық және модельдеуден» Азамат Насыров (жетекшісі Н.Мұстафин) «Wonder марсоходын», «Ғарыштық ақпараттық технологиялардан» Жұмағали Қалиев пен Мақсат Әбдіғалиев (жетекшісі Н.Мұстафин) дайындаған «Mars house» жобасын, «Астрофизика және дүние жүзінің эволюциясы» секциясында Бағдат Героев пен Әмірхан Темірболатов (жетекшісі Ә.Махимов) «Космический кораблін» қорғайды.

Ғарышты бағындыру кішігірім арман мен қиялдан бастау алды. Ендеше, аспанға ұмтылғандар биіктен көрінсін!

Әділет ӘБДІРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар