28.02.2019, 11:00
Қараулар: 838
«АҚЫЛДЫ ДҮЙСЕНБІ» БАҒЫТ БЕРУДЕ

«АҚЫЛДЫ ДҮЙСЕНБІ» БАҒЫТ БЕРУДЕ

 

 

Білім – көптеген қиындық пен тосқауылдан өткізетін сенімді құрал және осының арқасында адам ешкімге тәуелді емес. Оқушыларды  заман талабына сай мамандық таңдай білуге, таңдаған сала әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында М.Мәметова атындағы орта мектебіпте 2019 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен алынған «Ақылды дүйсенбі» жобасы іске қосылды. Жоба аясында аптасына бір рет оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі жастардан «болашақта кім боласың, қандай мамандықты таңдайсың?» деп сұрасаң, олар бірден бизнесмен, маркетинг, менеджер болам деп ойланбай жауап береді. Мектептің SMM-менеджер (ағылш. Social Media Marketing, әлеуметтік желілердегі маркетинг) тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Бектелеуова, Ж.Насимуллина және педагог- ұйымдастырушы Г.Темірболатова «SMM — менеджер. Профессия будущего»  тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

SMM-менеджер – маманнан сайттарды жасау және толтырудағы жоғары компьютерлік сауаттылықты, маркетингтік коммуникация стратегиясын білуді, бағдарламалау тілдері мен графикалық редакторлардың, онлайн қосымшалар мен құралдардың базалық білімін талап ететін мамандық. Сондай-ақ, SMM-маман брендтің әлеуметтік желілердегі ескертулерін қадағалайды және жаңа бәсекелестерді анықтайды. Көрсетілген кезеңнің қорытындылары бойынша ол ілгерілетудің сандық және сапалық нәтижелері туралы есеп береді. Осы шараны дайындауға 9 сынып оқушысы А.Жұмағалиев өз үлесін қосты. Ол оқушыларды әлеуметтік желіге бағытталған SMM менеджер мамандығының бағытымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бүгінгі таңда мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс. Бұл бағытта әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы  адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс  таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ең негізгісі қандай маман  болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болу қажет.

Әсем ЕРБОЛАТОВА,

М.Мәметова  атындағы  орта мектеп оқушысы. 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар