28.02.2019, 10:57
Қараулар: 884
Фотосуретшілердің жетістігі

Фотосуретшілердің жетістігі

 

Жақында Орал қаласында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Таңғажайып сәт» тақырыбында сырттай фотосурет көрме-байқауы өтті. Оған облыс, аудандық шығармашылық және мектептен тыс жұмыс орталықтарының 8-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты – шәкірттердің танымдық қызығушылықтарын, әлеуметтік белсенділіктерін, фото өнері бағытындығы дарынды балаларды анықтап, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Айта кетелік, аудандық көрме-байқау жарысынан жүлделі орын алған оқушылар «Қыс қызықтары», «Мектеп өмірі», «Туған жер», «Тоқта, тез қозғалыс» және «Сәтті сэльфи» аталымдары бойынша облысқа жолдама алған болатын.  Соның нәтижесінде Дианна Жексен «Қыз қызықтары», Фархат Камалов «Тоқта, тез қозғалыстан», Әсем Нұралы «Сәтті сэлфи» номинацияларымен ІІ орынды иеленіп, облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Бақытгүл СӘЛІМОВА,

АБТШО қызметкері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар