28.02.2019, 10:26
Қараулар: 6
«Ауғанның отты жалыны»

«Ауғанның отты жалыны»

sdr

Аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметкерлері осы отты аймақта әскери борышын өтеген жерлесіміз, Ауған соғысының ардагері Асылбек Сүйінішевпен «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кешінде жүздесті.

Кездесуде ауған ардагері сол бір от кешкен күндер туралы сырымен бөліссе, кабинет олигофренопедагогы Ұлболсын Хасенова Ауған соғысы туралы деректер келтіріп, көпшілік назарына бейнеролик ұсынды. Кеш барысында Асылбек ағамыз қатысушылардың сұрақтарына да жауап беріп отырды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған бұл шараға аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ қызметкерлерінің төрағасы Манарбек Алтаяқов арнайы шақырылды.

Кеш соңында кабинет меңгерушісі Айнаш Атаева ардагер ағамызға алғыс хат пен кештен естелік сыйлық табыс етті.

Айтолқын БИСЕМБАЕВА,

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар