28.02.2019, 10:02
Қараулар: 362
МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Аудандық демалыс орталығында «Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы» атты мәдениет және кітапхана қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиын барысында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында атқарылған, алдағы уақытта қолға алынатын шаралар барысы пысықталды.

Жиын соңында аталмыш салада табысты қызмет атқарып жүрген Гүлнар Хасенова, Мария Қоштанова,  Ажар Балабасоваларға  аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың алғысхаты табысталды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев Алтынбек Қабдығалиев, Бекет Ділжанов, Гүлжанат Жұмағалиева, Жазира Өтебаева, Жанар Досалиева, Ринат Машутов сынды қызметкерлерге алғыс хатын табыстап, мақтанға салынып, масаттанып кетпей жүктелген міндетті абыроймен атқаруды талап етті. Аудандық мәдени-демалыс орталығы директоры Жоламан Сисенғалиев көзге түспесе де сүбелі еңбек атқарып жүрген Мүслимеден Таубаев, Жайдарбек Бисекеев, Айман Ерғалиеваларға өз атынан алғысхат табыстады.

 

Мейрамгүл Мұхамбедьярова,

Аудандық демалыс орталығының әдіскері.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар