28.02.2019, 9:43
Қараулар: 367
ҚАРАСУҒА СУ КЕЛДІ

ҚАРАСУҒА СУ КЕЛДІ

 

Орда ауылдық округі Қарасу ауылына таза ауыз су жетті. «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асып жатқан ауқымды жобаның басы-қасында жүріп, жұмыстың тез әрі сапалы аяқталуын қадағалап, талмай еңбектенген азаматтарға ауыл жұртшылығы дән риза. Елуге жуық тұрғын үйі бар аядай ауылдың күнделікті тіршілігі қорадағы малымен байланысты.

– Бүгінде ауылдың 75%-ы таза  ауыз сумен қамтамасыз етілген, алдағы аптада ауылішілік жұмыстар толықтай аяқталып, ауыл 100% сумен қамтылатын болады,- дейді «Әлем құрылыс» ЖШС корпорациясының жетекшісі Ерік Урмашев.

Ауыз су құбырының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев бастаған бірқатар сала басшылары қатысып, халықтың қуанышымен бөлісіп қайтты. Рүстем Мүлкайұлы ауыл тұрғындарын құттықтап, атқарылып жатырған ауқымды жобалар жайын тілге тиек етті. Бірнеше жыл кеңшарда еңбек етіп, бүгінде ұрпағының алғысына бөленген ақ жаулықты әже Нұрсұлу Арыстанғалиева басшылыққа шексіз алғысын айтты. Көлденең тартылған көк лентаны қиып, құбырды іске қосу рәсімі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен Нұрсұлу Арыстанғалиеваға ұсынылды.

Әділет ӘБДІРОВ

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар