28.02.2019, 9:33
Қараулар: 377
«БИЛІК ХАЛЫҚҚА БЕТ БҰРЫПТЫ»

«БИЛІК ХАЛЫҚҚА БЕТ БҰРЫПТЫ»

 

Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жасаған баяндамасы қазақстандықтардың, соның ішінде көп балалы аналардың көңілінен шықты, үміттерін үкіледі деп айта аламын. «Ұлттық қордан қазақстандықтардың әл-ауқатын, өмір сапасын арттыруға қаржы бөлінді. Осы бөлінген қаржының әр отбасына, жекелеген әр адамға жетуін назарда ұстайтын боламын» деген сөзі көптің көңіліне демеу болды. Мен зейнет жасындағы көп балалы анамын. Аллаға шүкір, балаларым аяқтанып, өз күндерін өздері көріп жүр. Қазіргі көп балалы аналардың көріп отырған қиындықтары, кредиттік берешек, баспанасыз, қызметсіз жай-күйлерінен жаным ауырады. Үкімет құрамы халық арасынан шыққан азаматтармен толықты. Бүгінгі съезде көтерілген мәселелер науқан күйінде қалмай, орындалса, қадағалау болса, жақсы болар еді.  Балалар жәрдемақысы өсіру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. «Бақытты отбасы» деп партия жобасын іске асырып, аналарды, табысы төмен отбасыларды қамқорлыққа алса, көңіл бірленері анық. Көп балалы аналарымыз үкіметтің, партияның қамқорлығын сонда ғана шындап сезінер еді. Аналардың көңілі тыныш болса, ел тыныш болады. Мұны уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Ауылдың жағдайы да Елбасы назарынан тыс қалмады. Ауылдық жердегі жұмыс көзін көбейту, жастарды ауылға тұрақтандыру мақсатында 90 миллиардтап ақша бөлді. Алдағы уақытта бұл қаржы триллиондап еселенетін болады. «Халыққа көмек» деп те арнайы жоба жасақталыпты. Осы баяндамадан ұққаным – ел билігі халыққа шындап бет бұрды. Бастама нәтижелі  болуын ғана тілеймін.

 

Роза ХАЙРУЛЛИНА,

зейнеткер