28.02.2019, 9:29
Қараулар: 376
«…ҚИНАЛҒАНҒА ҚОЛДАУ БАРЫН СЕЗІНІП ОТЫРМЫЗ»

«…ҚИНАЛҒАНҒА ҚОЛДАУ БАРЫН СЕЗІНІП ОТЫРМЫЗ»

 

«Нұр Отан» партиясының   ХVІІІ съезінен түйгенім енді еліміздегі  мен секілді көп балалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы мемлекеттің жіті  назарынан түспек емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев   «Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды көрсеткіш қумай, нақты іске асыра білуі тиіс» деп нақты тапсырма берді.  Табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу, білім мен денсаулық саласының жұмысын жақсарту мәселесі көтерілді. Биылғы шілдеден бастап, бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсетін болды. Республикамыз  бойынша  340 мың  отбасыда төрт баладан бар екен. Менің де алты балам бар.  Әрине, мемлекеттің  біздерге қаржылық тұрғыдан әлеуетімізді көтеруге барынша көмегін аянып жатырған жоқ. Осы жолғы съезде  президентіміздің сөздері үлкен үміт берді. Ендігі берілетін  жәрдемақының  ең төменгі құны   20 789 теңге  болып көтерілді. Үйлерінде  мүгедек балаларды бағып, қарап отырған жандарға да  төленетін жәрдемақы отыз пайызға көтерілді. Бұндай өзгерістер  көптеген жанның көңіліне демеу болғаны сөзсіз. Еліміздің демографиялық ахуалын жоғарылатуға атсалысып жүрген жанұялар  үкіметтің қолдауын көре берсін деп тілейміз.

Арайлым Өтешова,

көп балалы ана