28.02.2019, 9:25
Қараулар: 375
«САПАРБАЕВҚА СӘТТІЛІК ҚАНА ТІЛЕЙМІН»

«САПАРБАЕВҚА СӘТТІЛІК ҚАНА ТІЛЕЙМІН»

Халқымыз үшін сындарлы болған қыс айы саяси өзгерістермен аяқталып отыр. Үкімет отствакаға кетті. Жаңа құрам жасақталып, министрлер бекітілді. Бірнешеуі қызметінде қалдырылса, министрлік тізгініне жаңадан қосылғандар да жетерлік. Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрі боп тағайындалды. Сапарбаев саясатта әу бастан жүрген кәнігі ойыншы деуге болады. Халықтың алғысына бөленіп жүрген, қаймана қазақтың ардақты да ұлтжанды азаматы. Қызылордада, Оңтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда, Ақтөбеде әкім болды. Топан суды да, қақаған қыста жылытусыз қалған Семейдің шырғалаңын, Ақтөбедегі лаңды  көрген тісқаққан әкім. Қайда жүрсе де, зардап шеккен, мұң-мұқтажын айтқан халықтың арасынан табылды. Халықты тыңдап, санаса білді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау деген ауыр қызмет, үлкен аманат. Ол жерде халықтың жанайқайы, аманаты тұр. Сондықтан да Елбасымыз жауапкершілігі  мол бұл істі өмірлік тәжірибесі зор, көргені мен түйгені бар, іскерлік қасиеті жоғары Бердібек Мәшбекұлына тапсырып отыр. «Құтты болсын»  дейтін емес, сәттілік қана тілейтін жұмыс. Халықтың сенімінен шығып, әлеуметтік еңсесін тіктейтін, көп балалы аналардың жан айқайына құлақ түретін адам енді келді деп сенемін. Алтынкүректей әлеуметтің сан мың проблемасын серпіп тастайтындай әрекет етер деп үміттенемін.

 

Каспи Жахатов,

Мұратсай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы