28.02.2019, 9:19
Қараулар: 401
«…мектеп көрген мұғалім деп үміт артамыз»

«…мектеп көрген мұғалім деп үміт артамыз»

Білім және ғылым министрі ауысты.  Ұстаздық жолы, вице-министр, әкімдікте жасаған тәжірибесі мол, дара жолы қалыптасқан Күләш Шамшидинова билікке келді. Көзі қарақты, қоғамдағы саяси өзгерістерді сауатты сараптай білетіндердің айтуынша, Күләш Ноғатайқызынан жаңашылдықты, жақсы өзгерістерді күтуге болады. Жалпы білім саласы ең бір аумалы-төкпелі, басы бар, аяғы тиянақсыз реформаларға төтеп берген сала. Білім жүйесіне қатысты осы саланың бел ортасында жүрген мұғалімнен бастап, бала оқытып отырған ата-ана, сол бала мен ата-анасын тасымалдап жүрген таксистке дейін ойдай сын айтады. «Педагог мәртебесі» заңы мәжіліс қарауында жатқаны белгілі. Жаңа басшыдан жаңашылдық, көшірме емес, көшелі, кемелді істер күтеміз. Кабинеттен-кабинетке көшкен адам емес, мектеп көрген мұғалім деп үміт артамыз.

Асылбек Нұралиев,

А.Құсайынов атындағы ЖОББ мектеп-бөбекжай  кешені директоры