8.02.2019, 17:03
Қараулар: 830
ЖАСТАР САЯТ ҚҰРДЫ

ЖАСТАР САЯТ ҚҰРДЫ

Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм ауылының жастары ата салтымызда бар саятшылық құрып қайтты.

Таңсәріден атқа қонған Айтқазы Хамидоллиннің бастамасымен Думан Баймұраттегі, Азамат Фазылов сынды ауыл жастары тазының күшіктерін алғаш аңға салып, ауыздандыру дәстүрін көрсетті. Күшіктері де иелерін жерге қаратпады. Түс ауа қос қоянмен қанжығалары майланған жиекқұмдық жастар үркек қоянның шабысын, тазылардың әр қимылын, оның ерекшелігін әңгімелеп ауылға оралды.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар