8.02.2019, 17:00
Қараулар: 1011
«Тұмар» бишілері есеп берді

«Тұмар» бишілері есеп берді

Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде «Би – өнердің құдіреті» атты «Тұмар» би тобының шығармашылық кеші өтті. Онда үлкен, орта және кіші топ қыздары мен ер балалар да топқа қосылып өнер көрсетті. Мың бұрала билеген кішкентай бүлдіршіндер көрермендердің қошеметіне бөленді.

Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Ғалия әже Нұркенова ұйымдастырушылар мен оқушыларға үлкен ризашылығын жеткізіп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Мәдениет үйі директоры Қасым Есекешев би тобына қолдау білдіріп жүрген ата-аналарға, барша демеушілерге ұжым атынан алғыс айтты.

Айта кетелік, Жазира Өтебаеваның жетекшілігімен құрылған «Тұмар» би тобына екі жылдан астам уақыт өтті. Үйірмеге биге қызығушылық танытқан 40-қа жуық балғын қатысады. Балауса бишілер түрлі концерттер мен байқауларға барып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Жазира Бахытқызы кәсіби маман болмаса да, өз білгенін аянбай үйретіп келеді. Бұл тұрғыда үйірме жұмысына қолдау білдіріп, талап етілген киімдерін тіктіріп, жағдайларын жасап отырған ата-аналардың еңбегін айта кеткен жөн.

Бағила БЕРҚАЛИЕВА,

мәдениет үйдің көркемдік жетекшісі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар