8.02.2019, 15:51
Қараулар: 848
БӨКЕЙЛІК ӨРЕНДЕР ТАБЫСЫ

БӨКЕЙЛІК ӨРЕНДЕР ТАБЫСЫ

 

Облыс орталығында өткен «ИМПУЛЬС-2019» жас зерттеушілер мен өнертапқыштардың  интеллектуалды турнирі бөкейлік өрендер үшін  табысты болды. Айтулы турнирда білімпаздығын байқатып, аудан намысын қорғаған Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары І орын мен кубокты жеңіп алды. Құрамында Аяулым Сатқанғали, Ақнұр Рахметолла, Нұржол Нұрболат, Жалғас Еркінұлы бар команда математика, физика, техника саласындағы ізденістерін паш етті.

Шәкірттердің биіктен көрінуінің астарында жетекшісінің тынымсыз еңбегі жатырғаны анық. Осы ретте физика пәнінің мұғалімі Шолпан Мендіғалиева мен математика пәнінің мұғалімі Альфинур Кабибуллинаның есімдерін атап кеткеннің артықтығы жоқ-ау дейміз.

 

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар