8.02.2019, 15:46
Қараулар: 1120
«АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ИГІЛІГІ ЕСЕЛІ БОЛСА ЕКЕН»

«АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ИГІЛІГІ ЕСЕЛІ БОЛСА ЕКЕН»

Жұлдыз СӘЛІМОВА,

Бөкей ордасы колледжінің жастар жетекшісі:

 

Жастардың қоғамдағы рөлін терең түсінген біздің ел жастар саясатына бей-жай қарамайды. Жақында ғана өткен жастар форумында Елбасымыз 2019 жылды – жастар жылы деп текке  жарияламағанын кездесудің барысында айтып өтті. Кездесуде «жастардың тілектері мен ұсыныстарын ескере отырып, еліміздегі әрбір жас буынды қолдау мақсатында қолжетімді әрі заман талабына сай жағдай жасалынады» деген Елбасы сөзі бізге үлкен сенім ұялатты. Нақтырақ айтсақ, ол сапалы әрі тегін білім алу, жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру, қолжетімді баспанаға ие болу және отбасын құруға берілген мүмкіндіктер. Осы аталған төрт маңызды мәселе жастардың да, мемлекеттің де назарын аудартары хақ.

«Еліміздің болашағы – жастар» демекші, қазірдің өзінде сан түрлі сайыстан оза шауып, алдына қара салмай жүрген жастар да аз емес. Жөн-ақ, ғылымның көкжиегін кеңейту үшін инновациялық жобаларды дамыту қажет. Алайда, қаламен бірге ауыл жастарын да ұмытпаған абзал. Шыны керек, ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қағылуда. Мемлекеттік жастар саясаты бұл мәселеге келгенде де құр алақан отырған жоқ. Ауыл жастарының кәсіп ашып, табыс табуы үшін сан түрлі бағдарлама қабылдап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға еселеп қаржы құюда. Соның арқасында талай жас өрен фермер атанып, еңсесін тіктелетін болады. Жас буынды қолдау арқылы қаншама сабақтас салалардың дамуына дем беріп отыр.

Бізге берілген талап – осы сенімді ақтауда күш-жігерді аямай, мүмкіндікті сарқа пайдалану. Жастар жылы – жастарға жаңа серпіліс беріп, атқарылған игі істер мен жағымды жаңалықтарға толы болғай!

Замандас келбеті

Басқа да мақалалар