8.02.2019, 15:38
Қараулар: 1214
«ЕЛБАСЫ НЫҢ СӨЗІ СЕРПІН БЕРДІ, СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ»

«ЕЛБАСЫ НЫҢ СӨЗІ СЕРПІН БЕРДІ, СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ»

Жақсылық ЗИНЕШЕВ,

 Бөрлі ауылы,  М.Бегалиева атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы:

Елбасы қандай үндеу жарияласа да, елдің ертеңімен байланыстырары сөзсіз. Иә, бұл біз секілді өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан игі қадам, ол біздің болашаққа деген сенімімізді ұялатады. Оны Н.Назарбаевтың елдің ертеңі жастардың қолында екенін айтып қана қоймай, дәл осы жылды жастар жылы деп жариялауынан анық аңғаруға болады. Бұл жаңа бастамада Президентіміз білімді жетілдіруге аса назар аударды. Себебі, білімді ұрпақ елді өрге жетелейді. Елбасының тапсырмасымен көбейіп жатқан мемлекеттік гранттар, бой көтеріп жатқан жатақханалар біз секілді мектеп түлектері үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Елдің ертеңіне енжарлық танытпай, болашаққа нық сеніммен қарайтын әр жастың бұл берілген мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Жастар жылының ашылу форумында кәсіпкерлікке жастарды тартып, жалпы әр саладағы жас мамандардарға қолдау білдіру, робототехниканы дамыту, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.

Елбасымыздың бұл бастамаларының барлығы да –  қазақ деген қайсар елдің заман талабына сай қуатты, бай, білімді де өркениетті елге айналдыру үшін атқарылып жатқан игі істер. «Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін» деп Абай атамыз айтқандай, ел бастар жастар жай жатпауы керек. Көшбасшымыздың бұл бастамасын біз, яғни, жастар одан әрмен өркендетсек еліміздің еңселі елге айналары хақ.

Өңменімен өміршең ой өрілсе екен,

Мақаламды жырыммен көрікті етем.

Елбасымыз игі істерді жалғастырып,

Еліміз тек биіктен көрінсе екен!

Замандас келбеті

Басқа да мақалалар