8.02.2019, 15:33
Қараулар: 12
«SOFT SKILLS» АТТЫ ТРЕНИНГТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

«SOFT SKILLS» АТТЫ ТРЕНИНГТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

 

 

Хан ордасы ауылында аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мұрындық болуымен  жұмыс іздеуші жастарды ынталандыру бағытында  «Soft Skills» атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш шараға қатысқан ауылымыздың жас кәсіпкері Саян Баетов пен ауыл әкімшілігінің әлеуметтік салалар бойынша бас маманы Дидар Такесовтер   кәсіпкерліктің әліппесі туралы  жан-жақты сөз етіп, қазіргі таңда жеке іс бастаймын деушілерге мүмкіндіктер молынан екенін жеткізді.  Сонымен қатар жастарға арналған қысқа мерзімді кәсіби оқулар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы, «Жастар жылына» орай ұйымдастырылатын шаралар легі жөнінде де ақпарат беріп өтті. Кәсіпкер Саян Арсанұлы жетістікке жетудің жолы кітап оқу дей келе, өзімен ала келген кітаптарын қатысушы жастарға  сыйға тартты.

 

                                                                                                           

                                              Гаухар СӘРСЕНҒАЛИЕВА,

                                                     жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы,

                                   Хан ордасы ауылы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.