8.02.2019, 15:30
Қараулар: 7
КІТАПХАНАДА ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА   

КІТАПХАНАДА ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА   

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты танымдық-тағылымдық мақаласы аясында ауылдық кітапханада ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Сабыров, кеңес мүшесі Саниолла Қуанышқалиев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубай Насыров, мектеп кітапханашысы Светлана Дүйсенғалиева, ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі маманы Нұрбол Өтеғалиев және «Жас ұлан» ұйымының белсенділерінің қатынасуымен «Тарихи санаға негіз болар мақала» атты дөңгелек үстел өтті.

Өз кезегінде сөз алған Хайролла аға төл тарихымызды туған жерден бастау керек деген бастама көтеріп, келелі пікірін айтты. Саниолла Болатұлы мен Елубай Нұрболатұлы да  ұлттық құндылықтарымызды жадыдан өшірмей, дәріптеу арқылы дамыған озық елдің қатарына сүрінбей жетеміз деп сендірді. Белсенділер Ақылбек Дудин мен Инабат Ғабдолла да «тамыры тереңге бойлаған ұлы тарихымызбен бүгінгі жас буын  да мақтана алады» деп тебірене сөйлеп, көпшілікті сүйсінтті.

Кеш барысында Жексен Насыр жетекшілік ететін домбыра үйірмесінің өнерпаздары «Тепең көк», «Әке толғауы»  күйлерін күмбірлете орындады. Ауылдық кітапхана меңгерушісі Лунара Сембиева ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрмені де қатысушылар қызығушылықпен тамашалады. Осындай тағылымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ,

штаттан тыс тілші,

Бисен ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.