8.02.2019, 11:27
Қараулар: 1190
АТА-АНАЛАР СТАРТҚА ҚАТЫСТЫ

АТА-АНАЛАР СТАРТҚА ҚАТЫСТЫ

М-С.Бабажанов атындағы мектепте сынып жетекшілері бірлестігінің бастамасымен, ата-аналардың қолдауымен «Көңілді старт» атты спорттық шара өтті.

Шараға 45 ата-ананың басын қосқан бес бірдей команда қатысты. Ата-аналар түрлі спорттық тапсырмалар орындап, ептіліктері мен икемділіктерін көрсетті. Сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісі Нұргүл Елеусінованың айтуынша, бұл «Отан отбасынан басталады» атты жобаның кезекті шарасы. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан шараларда ата-аналар шеберліктері мен сергектіктерін сынға салды.

– Жоба мақсаты мектеп-оқушы-ата-ана үшжақты байланысты нығайту, отбасылық құндылықты дәріптеуге бағытталған. Әлеуметтік желілерден жетіп жатқан бейнетаспаларға қарасаң, жүрегің шайлығады. Кешегі Түркістан облысында орын алған мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттікті көріп жаға ұстады. Күні ертең осындай оқиға бізде де орын алмасына кім кепіл? Сондықтан да бала тәрбиесіне үйден де, мектептен де бақылау болуы керек. Тентекті бүгін тезге салмасақ, күні ертең опық жеп қалуымыз мүмкін. Бұл – салдарымен күрескенше, себебін болдырмау мақсатында ата-аналармен бірігіп, қолға алынған жоба. Әр ата-ана өз баласына үлгі тұтар, бой түзері болуы керек. Осы мақсатты түсініп, біздің бастамамызға немқұрайлы қарамай, қатысып, әр кезде қолдау білдіріп отырған ата-аналарымызға ризамыз,-дейді жоба жетекшісі Нұргүл Елеусінова.

Өз тілшіміз

Ауыл спорты

Басқа да мақалалар