13.12.2018, 18:04
Қараулар: 1469
СЕЙТКЕРЕЙДІҢ ІСІ ЕЛ СҮЙСІНТТІ

СЕЙТКЕРЕЙДІҢ ІСІ ЕЛ СҮЙСІНТТІ

Жақында Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде ата-баба атын құрметтеп, ісін қадірлейтін Сейткерей аға Мұхамбетшин өзінің жерлесі, танымал ақын Тайыр Жароковтың туғанына 110 жыл толуына орай ауылының көрнекті жеріне баннер орнатты.  Баннерге облыс ақыны марқұм Кенжеғали Балабасовтың:

Сынбадың асыл аға талай сында,

Тұрасың тас тұғырдан қарайсын да.

Есімің ел есінен өшпек емес,

Жалғасып кетер әлі сан ғасырға, -деген көркем сөз, мәнді ойы айшықталған.

Сөзге шешен Малтақан ұрпағының шығармаларын сүйіп оқитын Сейткерей бұл істі өзі қаржыландырып, ауылының ажарлануына өз үлесін қосқан.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ