13.12.2018, 16:17
Қараулар: 429
Мәулет мерекесі мүбәрәк болсын!  

Мәулет мерекесі мүбәрәк болсын!  

 

Жексенбі күні сайқындық жамағат мешітте ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Елтай Қонақбаев пен Бибігүл Жұмағұлова жайған дастарханда бас қосып, екі дүниенің сардары, ең соңғы, әрі үстем Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесін атап өтті.

Шараны ашып, құран оқып, Пайғамбарымыздың өмір жолымен, ғибадатты істерімен таныстырған аудандық мешіттің бас имамы Қуандық Насыров мұсылмандық парыз туралы да кеңінен әңгіме қозғап, жиналғандарға хақ дініміз хақында біраз мәлімет берді. Ауыл ақсақалы Елдос Кенжеғалиев ұйымдастырушыларға алғыс айтса, зейнеткер-дәрігер Әділгерей Ғаббас тамақтану мәдениеті жөнінде кеңестерімен бөлісіп, хадистен де хабарының молдығын байқатты. Жалпы дастархан басына жиналғандар Қуандық Берікұлы қойған сұрақтарға да толымды жауап қайтарып, діни сауаттылықтарының көтеріліп келе жатқандығын аңғартты. Бас имам оларға және бүгінгі дастархан иелері Елтай мен Бибігүлге ескерткіш сыйлықтар табыстады.

Мәуліт мерекесін атап өту – ең абзал амалдардың бірі. Адамдарды мейірімділікке, татулыққа, ізгілікке үндейтін ислам дінінің кең өріс алуы үшін де мұндай амалдарды көпшілік болып қолға алу болашағымыз үшін пайдалы.

Каримолла ҒАЙСИН.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар