7.12.2018, 12:15
Қараулар: 1360
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

dav

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндігі аясында Бөкей ордасы колледжінде ашық шара өтті. Оған аудандық жасөспірімдер инспекторы Мәулен Асқаров, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Исатай Құрмашев қатысты.

Бұл шара БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы оқушылардың білім деңгейлері мен  құқықтық мәдениетін арттыруды, заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйретуді көздейді. Әлемдік статистика көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайды. Осындай фактілерді арттырмас үшін олардың өз құқықтарын білуі өте маңызды. Қандай ма оқиға орын алса да балалардың мәселесі заң тарапынан қаралып, қажет болса жеке басын қорғау талаптары қолға алынады. Шара соңында ұйымдастырушылар әзірлеген құқықтық тәрбие бағытында бейнебаяндар көрсетіліп, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік тақырыбында дәріс оқылды.

Анаргүл ӘМЕНОВА,

тарих пәнінің оқытушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар