7.12.2018, 12:13
Қараулар: 1602
«Menin` Qazaqstanym»

«Menin` Qazaqstanym»

Аудандық балалар мен жасөспірім туризмі және экология орталығының әдіскері Айшагүл Ерғалиеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушыларының қатысуымен нақ осы тақырыпта тәрбиелік шара өтті. Алдымен  қатысушылар «Қызықты ұйқастар» айдары тапсырмасына сай сөздер ұйқасын тауып, шараның тақырыбын анықтады. Кейін «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша ҚР Мемлекеттік рәміздері, Астана, ҚР Президенті Н.Назарбаев және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы әңгімеледі.

«Салт-дәстүрлер» бөлімінінде екі топқа бөлінген оқушылар «Бесікке салу» және «Тұсау кесу» дәстүрлері туралы білгендерін ортаға салса, «Өнер» бөлімінде «Атамекен», «Өз елім» әндерін шырқады. «Мерекелер» бөлімінде оқушылар шатасқан күйінде берілген ҚР мемлекеттік мерекелерін сызба арқылы дұрысын көрсетті. «Кино» бөлімінде интерактивті тақта арқылы қазақ киноларынан үзінділер көрсетіліп, оқушылар қай кино атын анықтады. «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп Абай атамыз жырлағандай, «Ғылым» бөлімінде  оқушылар Отан туралы туындыларды жатқа айтты.

Қорытындысында оқушыларға рухани мәдениет, рухани бай адам туралы толықтай түсінік берілді.

Шараға қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілері Гүлзада Бижанова, Ақмарал Кафизге ризамыз.

 

Ерден ӘМЕНОВ,

қосымша білім беру педагогы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар