7.12.2018, 12:10
Қараулар: 128
Тіл мүкістігі түзетіледі

Тіл мүкістігі түзетіледі

 

Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданысқа еніп келеді. Уақыт осыны талап етеді. Өйткені, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған дерттерге шалдыққан мүмкіндігі шектеулі бала саны жылдан-жылға артуда. Еліміздің түкпір-түкпірін мекен ететін олар тәрбиелеудің, білім берудің ерекше түрін қажет етеді. Оны сала мамандары инклюзивті білім беру деп атайды. Білім берудің бұл түрі бойынша арнайы мамандар ұжымдасқан түрде балаға жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. Мәселен, тұтықпаны түзете дамытуда тек қана логопед қана емес, сонымен қатар психолог, дефектолог, пән мұғалімдері, ата-ана, дәрігер бірлесіп, сол дерттен айығуға баланы жетелейді. Бұл үрдіс Б.Жәнекешев атындағы орта мектепте тоно-клоникалық тұтықпаның жеңіл түрі диагнозындағы 1-сынып оқушыларына логопед И.Абдолова мен психолог А.Ғайсина «Сиқырлы түстер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сөйлеу тілінің ырғағы мен жылдамдығының бұзылысы әртүрлі логоритмикалық және сөз бен қимылды ұштастыруға бағытталған жаттығулар  кешенімен  түзетіледі. Сондықтан мамандар ашық сабақты «Сәлемдесу» тренингімен бастап, «Көңілді тіл ертегілері» тіл жаттығулары комплексін орындау арқылы балалардың артикуляция қимыл-қозғалысын дамытып, релаксациялық жаттығулардың көмегімен денедегі тоно-клоникалық тырыспалардан, ішкі жайсыздық пен күйзелістен арылту және өзіне деген сенімділігін арттыруды мақсат етті.

Тыныс алу, тіл-дауысты босаңсыту, қуаттандыру, логоритмикалық, өзге де жаттығулармен толықты. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қызықты қимылдарды  жан-тәндерімен беріле орындады. Сабақ соңында оқушыларға өмірлері ашық-жарқын болсын деген тілектер айтылып, сыйлықтар табысталды.

Айгүл ҒАЙСИНА,

Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің психологы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар