7.12.2018, 10:50
Қараулар: 628
Салғырттық сан соқтырды

Салғырттық сан соқтырды

 

 

Облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының бұйрығымен 19 қарашадан бастап БҚО аумағында «Қауіпсіз қыс» азаматтық қорғау айлығы жарияланып, сала қызметкерлері тұрғындар арасында жылыту маусымындағы сақтық шараларын түсіндіріп шыққанды. Айту кем болды ма, әлде зерделеріне жетпеді ме, әйтеуір, Хан ордасы ауылындағы қонақ үйдің от жағушылары тарапынан кемшілік кетіп, 7 желтоқсан күні бу қазаны жарылды. Қазір тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

2 желтоқсан күні сағат16:20-дар шамасында Ұялы-Ақмектеп жолында «Газ 33027245» маркалы автокөлік өртке оранып, бір адам мерт болды. Бұл оқиға бойынша да сараптамалық тексеру қолға алынды.

«Өткеннен сабақ алып, қателіктердің қайталануына жол бермеу» деген ұғым бар халқымызда. Салғырттық сан соқтыратынын естіп, көріп, біліп жүрсек те, уақыт өте ұмытып кететініміз жаман. Кейін өзегіміз өртеніп, өкінгеннен не пайда? Осыны ескерейік, сақтық шараларды мүлтіксіз орындауды әдетке айналдырайық. Сонда қыс та, жаз да, жылдың қай мезгілі де қауіпсіз болары хақ.

Максим ЕЛДОСОВ,

аудандық ТЖБ-нің аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар