4.12.2018, 18:42
Қараулар: 367
МӘМС туралы

МӘМС туралы

 

 

Елімізде ҚР нормативтік құқықтық актілеріндегі салық салу мәселелері жөніндегі түзетулер күшіне енді, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімі 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылды.

МӘМС жүйесіне жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттағы тұлғалар) жарна төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

— Осы уақыт аралығында халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасыз ететін санатын рәсімдеу және оларды ел экономикасына, сәйкесінше МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары жүргізілетін болады. 2020 жылдан бастап осы санаттағы тұлғалар үшін МӘМС жүйесіне төленетін жарна мөлшері төмендейді. Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарна мөлшері (жарна есептеу объектісінен) 2020 жылы 1 %-ті, ал 2021 жылдан бастап 2%-ті құрайды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары жеке кәсіпкерлер ретінде өзі үшін жарна төлемейді. Бірақ жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жұмыскерлерінің атына жарна аударуды тоқтатпайды, жарна мөлшері 2018-2019 жылдары — 1,5%-ті, 2020 жылдан бастап 2%-ті құрайды.

— Жеңілдігі бар санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейді, оның мөлшері 2020 жылы мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4%-ін құрайды. Аталған санаттарға жатпайтын тұлғалар 2020 жылдан бастап ең төменгі жалақының 5%-і көлемінде жарна аударады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай ақы төлеуші болып есептеледі. 2020 жылға дейін медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жасау, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйе жұмысын жолға қою, жаңа тарифтік саясатты енгізу тетіктері жүйеленетін болады. Аталған шаралар МӘМС шарттары бойынша Қордың 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуге толық дайын болуын қамтамасыз етеді.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар