4.12.2018, 18:39
Қараулар: 364
бақылау-касса машиналарын қолданысы

бақылау-касса машиналарын қолданысы

 

 

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы  ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен 17 қызмет түрі бойынша онлайн-бақылаукассалық машиналарының қолданыс аясы кеңігенін хабарлайды. Кассалық машиналар ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, төмендегідей қызмет түрлері бойынша жүзеге асуда:

11. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
12. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
15. Сусындарды көтерме саудада сату
16. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
17. Тоқыма бұйымдарын сату
18. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
19. Киімдерді сату
20. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
21. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
22. Ломбард қызметі
23. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
24. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
25. Жарнама агенттіктерінің қызметі
26. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
27. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 2-тармағымен ақшалай есеп айырысулар кезінде  бақылау-кассалық машиналарды қолдану міндетінен босатылған тұлғалар айқындалған.

Бүгінгі күні, қызметін:

ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);

патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып
(2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);

арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады) дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) БКМ қолданудан босатылған.

Қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар