30.11.2018, 10:12
Қараулар: 982
САЗ МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

САЗ МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

 

Жаңақала ауданында ұйымдастырылған «Күй атасы Құманғазыға 200 жыл» республикалық балалар мен жастар байқауы өтіп, ауданның бір топ өнерпаз балғын қатысқан еді. Аспапта орындаушылық қобыз, фортепиано, баян және вокал номинациясы бойынша өнер көрсеткен оқушыларымыз жүлделі орындармен оралып, саз мектебінің мәртебесін одан әрі асқақтатты десек артық етпес.

Атап айтсақ, қобыз сыныбының шәкірттері Жансая Әміржан (ұстазы Жасмина Қабденғалиева), Рада Манасова (ұстазы Зухра Дүйсенғалиева), фортепиано сыныбының шәкірті Назерке Мараловалар (ұстазы Гүлфия Ихсанова) Алматы қаласына жолдама алса, Аққу Ертарғын, Айзере Капанова вокал номинациясы бойынша (ұстазы Самал Рахымжанова), Әдемі Тайырқызы (Гульфия Ихсанова, фортепиано), Зарина Сүлеймен, Анэлья Сисенбайқызы (Зухра Дүйсенғалиева, қобыз) бірінші орынды қанжығаларына байлап оралды. Ал, Жасмина Оразғалиева (ұстазы Жасмина Қабденғалиева, қобыз), Жарас Серіков, Ералы Зұлхарнаев (ұстазы Ермек Шарипов, баян сыныбы), Жанерке Фазылова, Әдемі Тайырқызы (Гульфия Ихсанова, фортепиано), Жәңгір Гафурлар (ұстазы Самал Рахымжанова, фортепиано) екінші орынды иеленді. Тағы бір қобызшы қызымыз Жаннұр Ахметкерей (ұстазы Ж.Қабденғалиева) үшінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ, бұл байқаудан ұстаздарымыз да құр қол қайтпады, «Қазақстан таланттары» өнер білім дамыту шығармашалық орталығынан арнайы алғыс хаттары табыс етілді. Осы байқауға екі аталым бойынша нөмір дайындаған Самал Рахымжанова «Үздік тәлімгер» төсбелгісімен марапатталды.

 

Айзада ТІЛЕПОВА, 

аудандық балалар саз мектебі

директорының орынбасары.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар