30.11.2018, 10:04
Қараулар: 883
АСАБАЛАРДЫҢ АЛДАСПАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

АСАБАЛАРДЫҢ АЛДАСПАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бисен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданымызда алғаш рет«Асабалар алаңы» атты сөз майталмандарының аудандық байқауы өтті.

Дүбірлі тойды басқарып, дүйім қауымды аузына қаратқан асабалар мұнда да тартынып қалмады. «Асабалар әлқисасында» бірі суырып салмалығымен көзге іліксе, енді бірі түрлі аспапта ойнап патша көңіл жүртшылықтың ілтипатына бөленді. Төрт турда олар өздерінің мәлім де беймәлім тұстарын көрсетіп, жөн-жоралғылардың жайын түсіндіріп, жиналғандарға жаңа қырынан танылды. Байқауға қатысқан бисендік Эльдар Құдабаев тұсау кесу дәстүрін, мұратсайлық Мейірхан Қуанышқалиев қыз ұзату тойын, ордалық азулы асаба Қобылан Айтқалиев тілашарды, ал, сайқындық Ринат Машотов «алтын тойды» өткізу ретін дәріптеп, өздерінің шеберліктерін байқатты.

Асабалардың талабы мен талғамын, ой-өрісі мен өнерін  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев, аудандық демалыс ортылығының директоры Жоламан Сейсенғалиев, Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Елеубай Насыров таразыға салды. Қазылар ұйғарымымен Мейірхан Қуанышқалиев «Майталман асаба», Эльдар Құдабаев «Көрермен көзайымы», Ринат Машотов «Сегіз қырлы, бір сырлы асаба», Қобылан Айтқалиев «Нағыз қазақы асаба» аталымдарына лайық деп танылды.

Екатерина МӨКЕШЕВА,

штаттан тыс тілші

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар