30.11.2018, 9:57
Қараулар: 848
«БІЗ – БОЛАШАҚ ҰЛАНБЫЗ»

«БІЗ – БОЛАШАҚ ҰЛАНБЫЗ»

dav

Бөкей ордасы колледжінде «Арлан» әскери патриоттық клубының жетекшісі Дәурен Әменовтың ұйымдастыруымен «Біз – болашақ ұланбыз» атты әскери-патриоттық ойыны өткізілді.

Студенттерді әскери қызмет етуге ынталандыруды көздеген осынау шара барысында қатысушылар автоматты белгілі уақытта шашып-жинап жылдамдықтарын байқатса, пневматикалық қарудан нысананы дәлдеу арқылы мергендіктерін көрсетті. Әрмен қарай гір тасын көтеру, дартс ату, арқан тартысы секілді спорттық ойындармен де айшықталды.

Бұл шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Асхат Сан, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Тұрарбек Апақаев, № 17 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сабыржан Ибрашев, әскери есеп және жинақтау бөлімінің инспекторы Мерей Бисембаев қатысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей әскери патриоттық тәрбиені күшейтудың маңыздылығы туралы әңгімеледі, сондайақ, қыс кезіндегі төтенше оқиғалар орын алған жағдайда  қандай  ісәрекетке көшу туралы да түсінік берілді.

Мейрамгүл ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ,

топ жетекшісі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар