30.11.2018, 9:48
Қараулар: 749
Бөрлінің баскетболшылары бақ сынасты

Бөрлінің баскетболшылары бақ сынасты

Темір Масин ауылдық округіндегі М.Бегалиева атындағы орта мектептің базасында бөрлілік жастардың арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті.

«Болашағың өз қолыңда» жобасы бойынша ұйымдастырылған бұл тартысты кездесу нәтижесінде «Жастар» құрамасы І орынды, «Сұңқар» командасы  ІІ, ал, «Жалын» ІІІ орынға ие болды. Салауатты өмір салты ұстанымын паш етіп, жастарға серпін берген, олардың бос уақытын тиімді өткізуді көздеген мұндай спорттық  шаралар алда да өз жалғасын таба бермек.

Бекзат ҒАБДОЛЛА,

аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Темір Масин ауылдық округіндегі маманы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар