29.11.2018, 19:05
Қараулар: 356
Қауіпсіз қыстың қамы қазірден

Қауіпсіз қыстың қамы қазірден

 

 

Бір он шақты күнде қараша да аяқталып, қыстың алғашқы айы есік қаққалы тұр. Қысты қатерсіз, тосын жайтсыз өткізуге дайынбыз ба?

Қазақстан Республикасының  «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж. Жұмашевтың арнайы бұйрығына сәйкес қыс мезгілінде орын алуы ықтимал оқиғалардың алдын алу, адамдардың шығынына жол бермеу мақсатында облыс бойынша «Қауіпсіз қыс» айлығы жарияланды.

Айлық аясында халыққа аудан аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын, мұздағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, газ баллон жабдықтарын және пешпен жылыту қондырғыларының қауіпсіз қолданысын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарға аула рейдтер ұйымдастыруда.

Ауылдық округтерде және елді мекендердегі халықтың назарына мал азығын, жем шөпті сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жиындар өткізу жоспарланды.

 

Тұрарбек АПАҚАЕВ,

төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау майоры