27.11.2018, 12:26
Қараулар: 126
Тұрғылықты жерде тіркелу

Тұрғылықты жерде тіркелу

Ішкі істер органдарында көрсететін мемлекеттік  қызметтерді  автоматтандыру және оңтайландыру  мақсатында  Министрлік азаматтарды тұрғылықты жері мен уақытша тұратын  жері бойынша  онлайн тіркеу  режимінде ресімдеу шараларын қабылдады. Бұл қызметтерді пайдалану үшін тұрғын үй меншік  иесінің және есепке тіркелетін адамның  электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ)  болуы және онымен  қолданушы ретінде  egov.kz   порталына  тіркелуі  қажет. Сонда ғана порталдың «Азаматтарға» бөліміне, одан әрі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімшесіндегі   » Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» қосымшасына қол жеткізуге болады.

Тұрғылықты немесе уақытша тұратын  жері бойынша тіркелгісі келетін азамат портал арқылы өтініш береді, тұрғын үйдің  меншік иесі өзінің  электрондық-цифрлық қолтаңбасының көмегімен өтінішті бекітеді,яғни электрондық форматта өзінің  тұрғын үйіне  тіркеуге келісім береді.Берілген өтінімді өңдеу шамамен 10 минуттай уақыт алады, содан кейін  жаңа тіркеу мекенжайы бойынша  мекенжай анықтамасына  тапсырыс беруге болады. Портал арқылы тіркелудің өз артықшылықтары: өтініштің үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн түрде берілуі,соның есебінен тұрғындар ХҚКО-ға бару және кезек күту уақытын үнемдейді.Ағымдағы жылдың 9 айында біздің облыс бойынша  «тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін  «электрондық үкімет» порталын 500-ге жуық адам пайдаланыпты.

Сонымен қатар порталда egov.kz электронды үй кітабы онлайн режимінде іске қосылды. Яғни, мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру қызметі.Енді жылжымайтын мүлік иесінің үйінде тіркелген барлық  адамдар туралы мәліметті бір анықтамадан білуге мүмкіндік бар. Бұл қызметті алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz  порталын қолдана отырып,»Жылжымайтын мүлік» — «тұрғын үй қатынастары» бөлімінен қызметке тапсырыс береді. Көрсетілген тізімнен қажетті жылжымайтын мүлік обьектісін таңдап,SMS-пароль немесе ЭЦК көмегімен сұрау салуды растау арқылы жүзеге асырылады. Ұсынылған қызметтің нәтижесі Мекенжай   анықтамасы болып табылады және оған таңдалған жылжымайтын мүлік обьектісі бойынша тіркелген жеке тұлғалардың тізімі қоса беріледі.

Белгіленген мекенжай бойынша  тіркелген тұлғалар туралы анықтаманың өзектілігі олардың мекенжай мәліметінде мекен жай тіркеу кодының (МКТ-мекенжайдың 16 таңбалы саны ) болуына байланысты .Егер де тіркелген тұлғалардың тізімі толық болмаған жағдайда,тұрғын үй иесі олардың мекенжайына жылжымайтын мүліктің мекенжай тіркеу кодын енгізу үшін Портал немесе ХҚКО жүгіне отырып шаралар қабылдауы қажет.

М.Беккалиева,

аудандық полиция бөлімінің көші қон қызметінің инспекторы,

полиция капитаны.