23.11.2018, 11:27
Қараулар: 135
ЖЫР ЖЕБЕСІ – МАХАМБЕТ

ЖЫР ЖЕБЕСІ – МАХАМБЕТ

Ұлы даланың дауылпаз жыршысы атанған Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай Саралжын ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Жыр жебесі – Махамбет» атты Махамбет оқулары өтті. Оған Бөрлі, Бисен, Мұратсай, Ұялы, Хан ордасы ауылдарынан  келген сегіз жас ақын қатысты.

Қатысушылар Махамбет ақынның өлеңдерін жатқа айтты және патриоттық рухтағы төл туындыларын да  көрерменге паш етті. Сондай-ақ қазылар алқасының төрағасы Жоламан Сисенғалиев үміткерлерді сахнаға шақырып,  әрқайсысымен қайым айтыс жасап, ақындық қабілеттерін байқады. Сыннан сүрінбей өткен бөрлілік Жақсылық Зинетовке бас жүлде бұйырса, бірінші орын ордалық Махамбет Мұханбетовке берілді. Саралжындық Асхат Өтеуғалиев пен Шыңғыс Ромашев екінші, ұялыдан келген Гүлшарат Бисенғалиқызы, бисендік Ақылбек Дудин және мұратсайлық Роман Мұратов үшінші орынды өзара бөлісті. Саралжын ауылдық округінің әкімі Нұркен Сабыров қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Мейрамгүл Мұхамбедиярова,

аудандық мәдениет үйінің әдіскері

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.