22.11.2018, 10:57
Қараулар: 869
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ҰЛТ ТАРИХЫН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ҰЛТ ТАРИХЫН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында былай дейді: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады».

Шын мәнісінде бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Елбасымыздың өзі айтып өткендей біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар аз болмады. Тарих парақтарында қатталған бұл  оқиғаларды ұмытуға әсте болмайды. Дегенмен, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып жаһандық тарихтағы өз рөлімізді анық көрсетуге тиістіміз. Сол үшінде Нұрсұлтан Әбішұлы мақаласында ұлтымыздың ұлылығын айқындайтын  «Ұлы даланың» жеті қырына арнайы тоқталды. Қазіргі қоғамның ажырамас бөлшегіне айналған көптеген тұрмыстық бұйым біздің жерімізде пайда болған. Біздің арғы ата-бабамыздың ойлап тапқан тың дүниелері әлі күнге шейін қолданыста. Әсіресе, жылқы жануарын қолға үйрету арқылы ата-бабамыз атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Сол арқылы  қазіргі киім үлгісінің негізгі  компонеттері қалыптасты. Ат үстінде сарбаз еркін сезінуі үшін  киім астыңғы және үстіңгі киім деп екіге бөлінді. Сіз бен біз киіп жүрген шалбардың ең алғашқы нұсқасы осылайша пайда болды. Аттылы адамның еркін шабуы үшін ойлап табылған басқа да дүниелері бүгінде маңыздылығын жойған жоқ.

Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ,

«Нұр Отан» париясы аудандық филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары.

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар