22.11.2018, 9:48
Қараулар: 141
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТЕС

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТЕС

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының қазіргі ақпараттық заманда түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамту жолында жұмыстанып келеді.

Елбасымыздың өзі айтқандай, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегіндегі жобалар сол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Себебі өткені жоқтың келешегі бұлыңғыр. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың ғана болашағы зор болмақ. Өткенді білу жолында кино өнерінің орнын айшықтап айтып, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, жаңа тарихи телекино туындылардың жанрларын барынша кеңейтуді, оған Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға үндегені көңіліме қонымды болды. Әсіресе, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдардың балғындардың өз елінің патриоты болып өсуіне зор ықпал етері сөзсіз. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, күллі әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар емес пе. Шынымен-ақ, біз жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға, келешек ұрпаққа ұғынықты етіп жеткізуге тиіспіз.

Аягөз ТҮСІПҚАЛИЕВА,

 «Ақбота» ясли-бақшасының директоры.

Хан ордасы ауылы.

Бөкей ордасы ауданы