13.11.2018, 19:30
Қараулар: 4
Химия білгірі анықталды

Химия білгірі анықталды

Бөкей ордасы ауданында орта мектептің химия пәні мұғалімдері арасында «Химия турнир – 2018» аудандық байқауы өтті.

Турнирдің алғашқы кезеңінде қатысушылар тест сұрақтарына жауап берсе, екінші кезеңде химиялық қоспалармен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы кезеңнің алғашқы туры «Үздік химик-теоретикте» теориялық сұрақтарға жазбаша түрде, «Үздік химик-эрудитте» логикалық тапсырмаларға жауап берді. «Үздік химик-экспериментші» тәжірибелерді орындау арқылы сапалық есептер шығарды.

Байқау қорытындысында бегалиевалық Альбина Мэлсова І, бабажановтық Лаура Ғұмарова мен бисендік Ақтолқын Ізтелеуова ІІ,  жәңгірхандық Надежда Қалдыбаева, жексенбаевтық Аягүл Боранбаева ІІІ орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды. Айта кетелік, бабажановтық Лаура Ғұмарова барлық талапқа сай болғандықтан облыстық кезеңге жолдама алды.

Айша ҚҰРМАШ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар