13.11.2018, 19:24
Қараулар: 143
Отбасылар сынға түсті

Отбасылар сынға түсті

Бөкей ордасы ауданында өнегесімен өзгелерден озық тұрған отбасылар сынға түсті. Аудан орталығындағы М.Мәметова атындағы орта мектепте өткен аудандық «Алтын ұя – 2018» отбасылық байқауына жеті бірдей отбасы қатысты.

Төрт кезеңнен тұратын байқауда сайқындық Ихсановтар «Тәрбиелі отбасы», бисендік Әлесовтер «Өнерлі отбасы» танылды.  Хан ордасынан келген Сүндетовтер отбасы, масиндік Рамазановтар, сайқындық Ерекешевтер І, ІІ, ІІІ орындарды өзара бөліссе, қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, үздік өнер көрсеткен ұялылық Өтешевтер жанұясы бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды.

Айша ҚҰРМАШ.