7.11.2018, 15:21
Қараулар: 140
«Чек талап ет, жүлде ұтып ал!»

«Чек талап ет, жүлде ұтып ал!»

Азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін арттыру және тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауға үйрету мақсатында биылғы 21 мамырда басталған жалпыреспубликалық «Чек талап ет, жүлде ұтып ал!» акциясы 30 қарашасына дейін жалғасады.

Акция электрондық форматта «Атамекен»  ҰКП қаржылық қолдауымен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі «Wipon» мобильдік қосымшасы арқылы жүргізілуде.

Акцияға қатысушыларға  Аpple App Store  және Google play marketте «Wipon» мобильдік қосымшаларын тегін жүктеуге мүмкіндік берілген. Акцияға қатысуды ҚР азаматтары тауар сатып алу, жұмыс немесе қызметтерді пайдаланғаны үшін бақылау-кассалық аппараттың фискалдық чегін суретке түсіру арқылы жүзеге асырады. Фискалдық чектерді беруден бас тартқан жағдайда, тұтынушылар мұндай бұзушылықтар бойынша шағымдануларына болады.

Акцияға қатысу үшін, чек суретін жіберу қажет, бір суретте бір чек, сондай-ақ ЖСН/БСН, күні, уақыты, сомасы, фикалдық белгісі: ФП, Ф, F, фискалды чекті деген жазулары анық көрінуі керек.Чектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес,чектегі сомма 0 теңгеден кем болмауы және алған уақыты жұмыс немесе қызметтер түрі көрсетілген және чек ағымдағы жылдың 21 мамыры айынан бұрын болмауы керек.  «Wipon» қосымшасын жою алдыңғы барлық чектердің нөлге теңестірілуіне әкеліп соғады.Бір чекті қайта жіберу есептелмейді.

Ұтыс ойындарының жеңімпаздары кездейсоқ таңдау әдісі бойынша  анықталады. Неғұрлым көп чектер жіберілсе, соғұрлым қатысушылардың бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі зор. Ең басты жүлде – автокөлік.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар