26.10.2018, 17:03
Қараулар: 731
ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазанның 26-сы күні филология ғылымдарының кандидаттары Құспан Аронов пен Асан Қайыров, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Гүлнәр Әлжановалар аудан жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесуге қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа алфавитке көшіру мәселесі, қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы арқау болды.

– Әліпби ауыстыру саясаттың ойыны сияқты боп кетті. Қазақ тілінің әліпби бірнеше өзгерістен өтті. Латын графикасына көшу мәселесі 1990 жылдардың басында-ақ қозғалған болатын. Бүгінгі таңда әлемде 900-ге жуық тіл бар десек, сол тілдің 80%-ы латын қарпіне көшкен, ал ТМД-ның бес мемлекетінен басқасы Кеңес Одағы ыдырасымен латын графикасына көшіп алды. Әліпби ауыстыру бейқамдықты көтермейді. Талқыға салынып жатқан мәселеге үн қосайық. Мемлекеттік тіл үстем құрмаған мемлекеттің мерейі үстем болмайды. Әсіресе, желдің өтінде, жердің шетінде отырған шекарадағы аудан-ауыл жұртшылығының рухы ояу болу керек,-деп сөз алған филолог Құспан Ғұмарұлы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшудің қажеттілігіне тоқталды.

Ал тілші-ғалым Асан Қайыров емле ережелері, дифтонг дыбыстардың таңбалануы,  кірме дыбыстар мен апостроф «әлегі» туралы түсіндіріп берді.

 

Жиынға қатысқан жастар белсенділік танытып, сауалдарын жолдап,  пікірлерін білдірді. Мектеп оқушылары Диана Жексен «бір дыбыс — бір әріп» мәселесіне қатысты сауал жолдаса, Ділназ Жасқайратова қалың көпшіліктің жаңа әліпбиде сауат ашуы қалай болады деп сұрады. М-С.Бабажанов атындағы мектептің директоры Ж.Ғұмаров «қ» дыбысының таңбалануы мен оқылуына қатысты, ал осы мектептің мұғалімі Бұлбұл Құбиева қосарлы дыбыстардың жазылу емлесі туралы сұрақтарын қойды. Жиынға қатысқан аға буын өкілі Уағаз Нұрғалиев латын алфавитіне көшумен бірге орфографиялық сөздіктердің сауатты және дер кезінде шығуы керектігін тілге тиек етті.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар