25.10.2018, 16:18
Қараулар: 812
Жарайсың, Айша!

Жарайсың, Айша!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Орал қаласында   «Қазақстан таланттары» өнер-білім шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен  күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының  200 жылдығына арналған  республикалық «Құрманғазы — 200 жыл»   балалар мен жастар байқауы өтті. Аталмыш өнер бәйгесінен аудандық саз мектебінің фортепиано сыныбының оқушысы Айша Азамат «аспапта орындаушылық» аталымы бойынша бірінші дәрежелі лауреат атанып, мерейімізді үстем етті. Шәкіртінің талабын ұштап, өнерге баулыған жетекшісі Гүлфия Ихсанова да алғыс хатқа ие болды.

Айта кетелік, бұл байқауда 4-25 аралығында бақтарын сынаған қатысушылар  эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, хореография, көркем сөз оқу, қолөнер және бейнелеу өнері, Жас қалам (шығарма жазу), Жас сахна (театрландырылған қойылым қою) жанрлары бойынша өнерлерін көпшілікке паш етті.

«Бұлақ көрсең  көзін аш» дегендей, бала  бойындағы  асыл  дарынды  зерделеп,  оның  алмастай  жарқырап  көрінуіне сүбелі үлесін қосқан аудандық саз мектебі үшін  бұл ақжолтай жаңалық  биылғы  оқу  жылындағы қол жеткізген  жетістіктерімізді еселей түсті.

Айзада Тілепова

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар