19.10.2018, 14:58
Қараулар: 120
Оқушылар төтеншеліктердің жұмысымен танысты

Оқушылар төтеншеліктердің жұмысымен танысты

19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні мектеп оқушылары «Нұр Отан»  партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бүгінгі күннің батырлары» акциясы аясында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты. Биыл – Қазақстан құтқарушылары жасағының құрылғанына 23 жыл.

 

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков төтеншеліктерді құттықтады. Құтқарушылар жасағының  жұмыс барысымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Бахтияр Катчеков таныстырды.

– Бөлімге дабыл түскен сәтте әр құтқарушы 45 секундтың ішінде киініп үлгеруі тиіс. Жеделдік таныту – біздің ұжым үшін бұлжытпас міндет. Оқыс оқиғалар көбіне өртке қарсы талаптар мен ережелерді сақтамаудан орын алады. Сондықтан әрқайсыңыз тілсіз жаудың алдын алу ережелерін есте сақтап жүруіңіз керек, – деді Бахтияр Катчеков. Сондай-ақ, оқушылар шара барысында төтенше бөлімнің арнайы техникаларымен және құрал-жабдықтарымен танысты.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей Ордасы ауданы.