12.10.2018, 11:24
Қараулар: 120
Облыстың «Жас барысы» – Баймырза

Облыстың «Жас барысы» – Баймырза

Орал қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылғы жастар мен  2001-2004 жылғы жасөспірімдер арасында «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирі өтті.

Турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева ашып, Жәнібек, Бөкей орда, Қазталов, Жаңақала, Бөрлі, Сырым, Ақжайық, Тасқала, Зеленов, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары өзара күш сынасты. Айта кетелік, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Е.Байбатыров, КСРО спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж.Жәрдемов турнирдің құрметті қонағы болды.

Тартысты өткен белдесулер нәтижесінде біздің шәкірттеріміз Баймырза Меңдешев (бапкері Н.Ғазезов) жастар арасында жүлделі бірінші орынды иеленіп, облыс чемпионы атанса,  жасөспірімдер арасында Жәңгір Ескендіров (бапкері Т.Жұмағазиев) ІІ орыннан көрінді. Қараша айының 22-27 күндері аралығында Щучинск (Ақмола облысы) қаласында өтетін республикалық «Жас барыс» іріктеу турниріне жолдама алған Баймырзаға тың табыстар тілейміз.

Қайрат ӘБДІРЕШЕВ,

БЖСМ-нің оқу ісі меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар