12.10.2018, 10:39
Қараулар: 101
Жедел кеңес өтті

Жедел кеңес өтті

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың қатысуымен жедел кеңестің мәжілісі өтті.

Оған аудан әкімі аппараты ТЖЖ бас маманы, Сайқын ауылдық округінің әкімі М.Аққалиев, №17, 29 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның мүшелері, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізді.

Алдымен аудандық ТЖ бөлімінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде бөлім басшысы Тұрарбек Апақаев есебі тыңдалды. Ол осы мерзім ішінде аудан аумағында техногендік 2-төтенше жағдайдың орын алғандығына, өрттің алдын алу, сөндіру шараларына тоқталды. Олардың шығу себептеріне талдау жасады. №17, 29 өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары Сабыржан Ибрашев пен Қуанышбек Еркінәлиев тоғыз айлыққа қорытынды жасап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Өз кезегінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Қосманұлы аудан аумағындағы азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу шараларын сөз етіп, орын алған оқиғалардың уақтылы хабарлануы керектігіне назар аударды.

Айша ҚҰРМАШ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар