5.10.2018, 18:06
Қараулар: 648
«ҰСТАЗҒА АҚ НИЕТПЕН»

«ҰСТАЗҒА АҚ НИЕТПЕН»

Нақ осы атаумен аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

 

Жарқын мерекенің жайдары ауаны мәдениет үйіне кіреберістен сезіледі. Фойенің безендірілуі, айтулы мерекенің иелері – ұстаз біткеннің көтеріңкі көңіл-күйі шараның шырайын келтіріп-ақ тұр.

 

Аудан мектептері ұстаздарының басын қосқан салтанаттың беташары аудан әкімі Нұрлан Рақымжановтың құттықтауынан бастау алды.

 

– Ұстаздық – адамзатпен бірге жасайтын мамандық. Сіздердің бүгінгі қызметіңіз – ертеңгі болашақтың іргетасы. Білім беру саласы қай кезде де маңыздылығын жоғалтпайды, Елбасымыздың қай жылғы Жолдауын алсақ та, ең басты назарды осы салаға бөледі. Бүгінгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында да ұстаз мәртебесі, білім саласындағы түрлі реформалар назардан тыс қалмаған. Ұстаздар қауымына қойылатын талап та күн санап артып келеді. Мұғалімдік мамандық болса, ұстаздық тумысынан берілетін талантты, табиғи дарынды қажет етеді. Нарын топырағы осындай дарынды ұстаздарға кенде емес, -дей келіп, аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы  еңбектері еленген ұстаздарды марапаттады. Таратып айтсақ, аудандық балалар техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Ә.Махимовқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет»  грамотасы, «ICILS» компьютерлік сауаттылық зерттеуге үлес қосқаны үшін М.Бегалиева атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы Г.Есмұқановаға аталмыш министрліктің «Алғыс хаты» табыс етілді. Аудан мектептерінің майталман мамандары Т.Елемесова, А.Меңдіғалиев  (Б.Жәнекешов ат.мектеп), А. Сәлменова (Ш.Жексенбаев ат.мектеп), Г.Сариева (М-С.Бабажанов ат.мектеп), А.Дінисламов (Т.Масин ат.мектеп), Н.Бисекенов пен Ж.Хайрушев (М.Мәметова ат.мектеп)   облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталса, шәкірттері үздік білім сапасын көрсеткен үлгілі ұстаздар М.Қапизова, Г.Садықова, Ж.Базарбаева, Г.Ақсисеновалар (Ш.Жексенбаев ат.мектеп), Б.Ашенов (Б.Жәнекешов ат.мектеп), Қ.Ғазезова (Жәңгір хан ат.мектеп), Г.Меңдіғалиева, А.Өтегенова (М.Бегалиева ат.мектеп), Н.Әмірғалиева (А.Құсайынов ат.мектеп), П.Байболова, Г.Жаманғарина (Қ.Сағырбаев ат.мектеп) аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.

 

Ұзақ жылдар бойғы сапалы қызметі үшін Г.Жаманғарина (Қ.Сағырбаев ат.мектеп), С.Қуаншалиев (аудандық балалар туризмі және ЭО директорының орынбасары), Ж.Ғұмаров (М-С.Бабажанов ат.мектептің директоры) салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

 

Жаңартылған білім сапасының көрсеткіштері бойынша аудандық білім беруі бөлімі тағайындаған түрлі аталымдар да өз иелерін тапты. Б.Жәнекешов мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Ашығалиева «Ресурстық орталық қызметін үздік үйлестіруші», Ш.Жексенбаев мектебінің мұғалімі Г.Зұлқарнаева «Lesson Study» зерттеуін үздік ұйымдастырушы, Қ.Сағырбаев мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Дүйсенғалиева, М-С.Бабажанов мектебінің мұғалімі Л.Махметова, А.Құсайынов мектебінің директоры А.Нұралиев «Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік қызметті үздік үйлестіруші», М.Бегалиева мектебінің мұғалімі А.Өтегенова «Оқушылар жетістігін сырттай бағалаудағы үздік нәтиже», Т.Масин мектебінің директоры А.Дінисламов «Мектеп түлектерінің 100 пайыз білім грантына қол жеткізуші», Жәңгір хан мектебінің мұғалімі М.Төленғалиев «Оқушылардың спорттағы үздік нәтижелерін көрсетуші», М.Мәметова мектебінің мұғалімі Д.Дәулетова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тәрбиелік шараларды үздік ұйымдастырушы аталымдары бойынша үздік танылды.

 

Аудандық саз мектебінің ұжымы, «Орда гүлдері» би тобының жауқазын бишілері, аудан мектептерінің мұғалімдері мен шәкірттері әдемі әуен, әсем биін тарту етті.

 

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар