5.10.2018, 15:31
Қараулар: 90
«Жайық Star – 2018»

«Жайық Star – 2018»

Облысымыздың өнерлі жастары арасында өткізілген облыстық «Жайық Star – 2018» шығармашылық байқауында аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Рада Манасованың мерейі үстем болып, «Қобыз – прима» халық аспаптары бойынша І орынды жеңіп алды.

Үш жылдан бері бағыт-бағдар беріп жүрген оның жетекшісі Дүйсенғалиева Зуһра Қаздукқызы «Ақжайық КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасының алғысхатымен марапатталды.

Бұл бала бойындағы асыл дарынды зерделеп, оның алмастай жарқырап көрінуіне бар күш қуатын салып жүрген аудандық балалар саз мектебінің биылғы  оқу  жылындағы алғашқы жетістігі.

Өнерлі өрендеріміздің қатары көбейе бергей.

   Раушан БАҚЫТОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар