4.10.2018, 11:59
Қараулар: 493
Ветстанцияда жаңа басшы

Ветстанцияда жаңа басшы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық ветеринария бөлімі басшысының №15 т/п бұйрығына сәйкес Алмабек Құрмашев аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Алмабек Манарбекұлы 1988 жылдың 8 қаңтарында Сайқын ауылында дүниеге келген. 2006 жылы М.Мәметова атындағы орта мектепті, 2011 жылы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ветеринариялық медицина факультетін аяқтаған. 2015 жылы КазИИТУ-дың экономика факультетін сырттай оқып бітірді. Еңбек жолын 2012 жылы аудандық аумақтық инспекциясында машықкер болып бастаған ол 2013 жылдан бері аудандық ветстанцияда ветеринарлық маман қызметінде.

Жас басшыға жалынды жігермен жұмыс істеп, абыройға бөленуіне тілектеспіз.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар